Щучинскідегі өрттен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Щучинскідегі өрттен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің мәліметінше, 26 ақпан күні сағат 22:01-де Щучинскідегі Бурабай аудандық ауруханасына «Центр плова» кафесінен газ-ауа қоспасының жарылысы туралы шақырту түскен.

Оқиға орнында 5 адам қаза тапты, тағы 2 адам ауруханаға жеткізілген кезде көз жұмған.Бурабай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр және аса ауыр халдегі 4 науқас жатыр, 3 науқас травматология бөлімінде, 8 адам амбулаториялық ем қабылдауда. 6 науқас Көкшетаудағы көпсалалы облыстық ауруханаға эвакуацияланды.

Бурабай ауданы әкімдігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі. Жергілікті атқарушы орган жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді өз мойнына алған.

Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақмола Бурабай Аудан Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар