Қазақстан жаңалықтары18 маусым 2024, 1:43

СІМ Айгүл Сайлыбаеваның Германияда өлі табылғанын растады

Сыртқы істер министрлігі Германияда жоғалды делінген Қазақстан азаматшасы Айгүл Сайлыбаеваның өлі табылғанын растады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды. Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды», - деп жазылған ресми мәліметте.

Ведомствоның дерегі бойынша, марқұмның Германияда жүрген анасы мен ағасына барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде.

«ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды», - делінген СІМ таратқан ақпаратта.

СІМ Айгүл Сайлыбаева Германия өлі табылды

Тақырыпқа жаңалықтар