Қазақстан жаңалықтары16 қаңтар 2024, 9:11

СІМ: Бұрын Қытай азаматы болған қазақстандықтарға кеңес

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұрын Қытай азаматы болған қазақстандықтардың көрші елге визасыз режиммен барардың алдында қандай мәселелерді ескеру керектігін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады. 

«Егер Қытай азаматы болған кезде құқық бұзу әрекеті тіркелген болса, соны шешуге тырысыңыздар. Басқа айтар ешқандай кеңес жоқ», - деді СІМ ресми өкілі.

Айбек Смадияров ондай мәліметтерді Қытай Елшілігінен білуге болатынын жеткізді.

«Ол мәліметтерді сол жақтағы туысқандары арқылы да білуге болады. Ал біз арқылы біле алмайсыздар. Немесе Қытай елшілігіне хабарласу қажет. «Менің Қазақстан азаматы ретінде Қытай аумағына кіруге рұқсатым бар ма? Кедергі кезікпей ме?» деп анықтап білсе, болады. Әйтпесе, көбісі барғаннан кейін ғана біледі», - деді ол.

ҚР СІМ Кеңес қандастар Қытай

Тақырыпқа жаңалықтар