Қазақстан жаңалықтары24 маусым 2024, 14:11

СІМ Италияда вандализм жасаған қазақстандық туралы пікір білдірді

Италияда вандализм жасаған қазақстандық ұсталды. Сыртқы істер министрлігі Италияда қазақстандық туристтің вандализм үшін ұсталуына қатысты пікір білдірді. «Италияда біздің азаматымыз тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазғаны үшін ұсталды, ол барлық рәсімді жүргізгеннен кейін әкімшілік жолмен босатылады», - деп хабарлады СІМ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстаннан Италияға келген турист Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйінің қабырғасына АЛИ деген жазуды жазғаны үшін ұсталған.

Ол енді келтірілген шығынды өтеуі керек.

Археологиялық парк сайтында 1913-1914 жылдары қазылған Цеевтің үйі соңғы самнит дәуіріндегі (б.з.б. 2 ғасыр) ежелгі тұрғын үйдің сирек үлгісі.

Аталмыш  үй смагистрат Люций Цей Секундтың меншігінде болған деп есептеледі.

ҚР СІМ Италия вандализм қазақстандық

Тақырыпқа жаңалықтар