СІМ Қара теңіздегі танкерлерге жасалған шабуылға қатысты жауап берді
Қара теңізде Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге 13 қаңтарда ұшқышсыз ұшу аппараттарынан шабуыл жасалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның ешбір қарулы қақтығысқа қатыспайтынын және жаһандық, еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосып отырғанын атап өтті.
Министрлік елшілер және серіктестермен шұғыл байланысқа шыққанын, барлық танкер халықаралық талаптарға сай жабдықталғанын мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: