Сорбұлақта жоғалған тікұшақтың бөлшектері мен бір адамның денесі табылды
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тікұшақ экипажын іздеу жұмыстары жүріп жатқан жерде тікұшақ бөлшектері мен бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазір жеке басын анықтау процедурасы жүргізіліп жатыр.
Аталған аймаққа іздеу топтары мен арнайы техника жіберілді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шамамен 14 метр тереңдікте әскери қызметшілер тікұшақтың бөлшектері мен бір адамның денесін тапқан. Қазіргі таңда марқұмды тану (опознание) жұмыстары жүріп жатыр.
«Су астындағы жұмыстар барысында Қарулы Күштердің әскери қызметшілері 14 метр тереңдікте әуе кемесінің фрагменттері мен адамның денесін анықтады. Қазіргі уақытта опознание жүргізілуде» деп жазылған ресми хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: