Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: Екінші адамның мәйіті табылды
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты салдарынан екінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шаралары кезінде екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы жоғалып кеткен еді. Іздестіру-құтқару іс-шаралары әлі жалғасуда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: