Қазақстан жаңалықтары30 сәуір 2024, 14:00

СҚО-да ағайындылар бір күнде суицид жасаған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының екі тұрғыны суицид жасады. Ақпаратты аудандық полиция департаменті растады.  Қайғылы оқиға 28 сәуір күні болған. Алдымен 22 жастағы келіншек ауладағы қорада өзіне қол салған, мұны көрген соң 17 жастағы інісі орманда өз өмірін қиған. Келіншектің артында 1,5 жасар баласы қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Айыртау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне ауданның екі тұрғыны суицид жасады деген хабарлама түсті. Өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», делінген СҚО полиция департаменті таратқан хабарламада.

СҚО ағайындылар суицид

Тақырыпқа жаңалықтар