Қазақстан жаңалықтары25 қазан 2023, 9:00

ШҚО-да панорамалық терезелері бар пойыздар қатынауы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында панорамалық терезелері бар пойыздар қатынауы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша панорамалық терезесі бар пойыздарды іске қосу мәселесі қарастырылып жатыр.

Жоспар бойынша осындай пойыздар Өскемен, Алтай және Риддер қалалары арасында жүреді.

«Мұндағы мақсат – облыс туризмін дамыту, пойыз арқылы қатынайтын саяхатшылардың санын арттыру. Бүгінде панорамалық вагондар шығаратын нарық зерттелу үстінде. Егер іске асырылып жатса осындай пойыздар «Өскемен-1-Алтай» және «Өскемен-1-Риддер» бағыттарында қатынайды», - делінген ақпаратта.

ШҚО панорама терезе пойыздар

Тақырыпқа жаңалықтар