Қазақстан жаңалықтары16 тамыз 2025, 15:13

ШҚО-да құмар ойынға шақыратын блогерлер анықталды

ШҚО-да құмар ойынға шақыратын блогерлер анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Шығыс Қазақстан облысында Instagram-да заңсыз лотерея ұйымдастырған 12 аккаунт пен онлайн-казино жұмысын насихаттаған блогерлер анықталды.

Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, бұлардың қатарында 2,3 млн жазылушысы бар танымал екі блогер бар. Аккаунт иелері әкімшілік жауапқа тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 5 млн теңге.

блогер ШҚО Құмар ойын
28 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
28 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
28 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар