ШҚО: Ішімдікке салынғандардың мүлкін заңсыз иемденген риелторлар ұсталды
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2024, 12:34

ШҚО: Ішімдікке салынғандардың мүлкін заңсыз иемденген риелторлар ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында ішімдікке әуес адамдардың мүлкін заңсыз иемденген риелторлар ұсталды. Олар нотариуспен ауыз жаласып, 60 миллион теңге пайда тапты деген күдік бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстады. Олар өңірде ішімдікке салынған тұрғындарды тауып, жылжымайтын мүлкін заңсыз иемденіп отырған.

Әзірге бірнеше пәтердің алаяқтық жолмен өзгенің атына рәсімделгені анықталды. Риелторларды тінткен кезде жылжымайтын мүлік құжаттары, жеке тұлғалардың дербес деректері табылды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Руслан Нұрсапанов, ШҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:

— Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 60 миллион теңгеден асады. Полицияға төрт күдікті жеткізілді. Олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүзеге асырылады.

ШҚО риелторлар ұсталды Алаяқтық

Тақырыпқа жаңалықтар