СҚО түрмесінде тұтқындар өздерін жарақаттады

СҚО түрмесінде тұтқындар өздерін жарақаттады, деп хабарлайды Arbat.media Azattyq-қа сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Новоукраинка ауылындағы қауіпсіздігі жоғары колонияда тұтқындар түрмедегі "адам төзгісіз жағдай мен басшылықтың қысымына" наразылық ретінде өздерін жарақаттады.

"Менің ұлым асқазанына шеге сұғып, ішегін жаралаған. Оған дәрігерлерді кіргізбегенін естідік. Бес сағат бойы қансырап жатқан. Түрмеге жедел жәрдем көлігін кіргізбеген. Оның себебін білмейміз. Түрме басшылары бізге ештеңе деп айтпады. Балаларымыз жазаларын алды, енді олармен не үшін мұндай қарым-қатынас жасайды?" деді тұтқындардың бірінің анасы.

СҚО тұтқын сот Заң

Тақырыпқа жаңалықтар