Қазақстан жаңалықтары3 қыркүйек 2024, 13:39

Су саласында тарифті қалыптастырудың жаңа қағидалары әзірленеді

Су саласында тарифті қалыптастырудың жаңа қағидалары әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Су ресурстарын тиімді басқару үшін қолданыстағы гидрологиялық бекеттердің желісін 73 пайыздан 82 пайызға дейін немесе 377-ден 419-ға дейін жеткізу арқылы жаңғырту қажет. Бұл бақылау мен болжау сапасын жақсартуға, сондай-ақ ықтимал қатерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Суару жүйелеріндегі судың шығынын азайту, одан әрі пайдалану үшін қосымша тасқын суларды жинақтау, сондай-ақ су объектілерінің жағдайын жақсарту үшін Су саласын дамытудың 2024-2028-ші жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Бұл барлық қаржыландыру көздерінен жоспар құны 3,2 трлн теңгені құрайтын 42 жаңа су қоймасын салуды, 34 гидротехникалық құрылысты қайта жаңартуды, шамамен 14 мың шақырым ирригациялық жүйелерді салуды және қайта жаңартуды көздейді», - деді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ,оның атап өтуінше, су үнемдеу технологияларын қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайту міндеті қойылды және әрбір облыс үшін тиісті индикаторлар жеткізілді.

Инфрақұрылымды жүргізу кезінде фермерлердің ұңғымаларды бұрғылауға жұмсаған шығындарын өтеу үлесін 50-ден 80 пайызға дейін ұлғайту көзделген Инвестициялық субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

«Су кодексінің жобасы аясында су саласындағы тарифтік саясатты жедел реформалау мақсатында суармалы су қызметі бойынша тарифтік реттеуші функциясын Ұлттық экономика министрлігінен Су ресурстары және ирригация министрілігіне беру көзделеді. Су ресурстары және ирригация министрлігі Су саласында тарифті қалыптастырудың жаңа қағидаларын әзірлейтін болады. Оның аясында сараланған тарифтерді енгізу, сонымен қатар дақылдар түрлеріне байланысты тұтыну көлемі және су жинайтын технологиялардың/есепке алу аспаптарының болуы немесе болмауы бойынша жұмыстар жүргізіледі», - деді ол.

Су тариф қағида

Тақырыпқа жаңалықтар