Шучинсктегі жарылыстан тағы бір адам көз жұмды
Шучинсктегі жарылыстан қаза тапқандардың саны 9-ға жетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бүгін, 3 наурызда Авиценна атындағы Бурабай ауруханасында жарылыстан зардап шеккен бір науқас қайтыс болды. адам Бурабай ауданының көпсалалы ауданаралық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан. Оның қайтыс болғанын Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.
Ведомство мәліметінше, дәрігерлер бірнеше күн бойы науқастың өмірі үшін күрескен, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Денесін күйік шалған төрт адам Көкшетаудағы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында емделіп жатыр. Үшеуінің жағдайы ауыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: