Қазақстан жаңалықтары1 мамыр 2024, 16:00

Сұйытылған мұнай газын сақтайтын серіктестіктің 955 млн теңге табысы тәркіленді

Сұйытылған мұнай газын сақтайтын серіктестіктің 955 млн теңге табысы тәркіленді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС қызметіне тергеу жүргізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Нәтижесінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы сұйытылған мұнай газы нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланудан тұратын бәсекелестікті қорғау туралы Заңнаманы бұзу анықталды. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 2024 жылғы 5 наурыздағы шешімімен серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Серіктестіктен 955 млн теңгеден астам монополиялық табыс тәркіленіп, 162 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды», - деп хабарлады өңірлік департаменттен.

Дегенмен серіктестік сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсіген. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы серіктестіктің шағымын қабылдамай, бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сұйытылған мұнай газы 955 млн Табыс тәркіленді

Тақырыпқа жаңалықтар