Шымкентте ұшақ итті басып кеткен
Шымкентте ұшақ итті басып кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
15 сәуір Алматыдан ұшып келген FlyArystan ұшағы (FS7105) қонған кезде итті басып кеткен.
Бүгін оқиғаны FlyArystan компаниясы растады.
«Салдарынан ұшақтың кейбір бөлшектері зақымданған. Ауыстырылатын бөлшектер Алматыдан жеткізіледі», — деп хабарлады әуе компаниясы.
Жануар ұшу-қону жолағына қалай шығып кеткені әзірге белгісіз.
Қазір бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: