Қазақстан жаңалықтары22 ақпан 2024, 16:00

Тайландпен шекаралас аймақта 100 ел азаматы құлдықта жүр

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр кейінгі 2 жылда Тайландпен шекаралас елдерде 200 отандасымыз құлдықта болғанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Олардың басым бөлігі еңбек құлдығына жегілген.

Бүгінгі күні 28 азамат елшіліктің көмегімен Қазақстанға оралса, 60-қа жуық адам өз бетімен құлдықтан құтылған.

«Соңғы 2 жылда Тайландпен шекаралас Мьянма және Лаос аумақтарында 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығына түскені мәлім болды. Олардың тең жартысының бастары азат етілді. Қазір бізде бар ақпаратқа сәйкес, аталған елдер аумағында 100-ге жуық Қазақстан азаматы құлдықта отыр», деді Айбек Смадияров.

 

Таиланд құлдық Қазақстан азаматтары

Тақырыпқа жаңалықтар