Талдықорғанда 20 жастағы футбол көруге барған жігіт қаза болды

Талдықорғанда 20 жастағы футбол көруге барған жігіт қаза болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 7 мамыр күні болған, Марқұм Жәңгір Нұрланұлының анасының айтуынша, сол кеште ұлы 17 жастағы танысының пәтеріне достарымен бірге футбол көруге барған. Үйде шамамен 10 шақты адам болған.

Қайғылы жағдайдың алдында анасы ұлымен видеоқоңырау арқылы сөйлескен. Әйелдің сөзінше, кейін ұлы мен танысының арасында жанжал шыққан.

«Екеуі сыртқа шыққан. Білгенім бойынша, сөзге келіп қалып, кейін екі жаққа тараған. Бірақ әлгі мектеп оқушысы оны қайта шақырып алып, алты жерден пышақтаған», — дейді марқұмның анасы.

Жәңгір алған жарақатынан қайтыс болды. Жетісу облыстық полиция департаменті 17 жастағы күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

футбол ойын Бала Төбелес

Тақырыпқа жаңалықтар