Танымал блогер түрмеге қамалды
Семейде балағат сөз айтқан стендап-блогер қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Абай облыстық ПД мәліметінше, Семейдегі мейрамханалардың бірінде өткен стендап-шоу барысында блогер көпшілік алдында бейәдеп сөздер қолданған. Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерге таралып, қоғам наразылығын тудырды.
Полиция қызметкерлері жарияланған видеоматериалды зерделеп, аталған азаматты 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: