Таразда мектепте төбелес болып, оқушы көзінен айырылды
Оқиға Тараз қалалық орта мектебінде болған. Үзіліс кезінде 9 және 10-сынып оқушылары арасында төбелес болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Салдарынан 10-сынып оқушысы көзінен айырылды. Жарақат алған балаға ота жасалды.
Анасының сөзінше, дәрігерлер оқушының көзін бөлшек-бөлшекпен құрастырған.
Оқиға ұлдардың киім ауыстыратын бөлмесінде болыпты. 15 жастағы Дамирді 9-сынып оқушылары алып келген. Оған досы көмектесуге тырысқан. Десе де оны басқалар ұстап тұрған. Сол кезде Дамирді басынан ұрған. Десе де ол киім ауыстыратын бөлмеден өз бетінше шыққан.
Ал полиция оқиға бойынша іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталды. Енді ол уақытша ұстау изоляторына қамалмақ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: