Қазақстан жаңалықтары21 мамыр 2024, 11:00

Таразда ұрланған қарумен кісі өлтірген күдікті ұсталды

Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарумен кісі өлтірген күдікті ұсталды. 28 жастағы азамат өз досын абайсызда атып тастаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Оқыс оқиға кеше Тараздағы мөлтекаудандардың бірінде болған. Күдікті Калашников автоматын қаңтар оқиғасы кезінде қолды қылған көрінеді. Полиция департаментінің хабарлауынша, ол қоймадан ұрланған атыс қаруын осы уақытқа дейін заңсыз сақтап келген. Сол автомат абайсызда атылып, қаңғыған оқтан досы ажал құшты.

Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған кісі өлтіру бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

— Қажетті сараптамалар тағйындалды, Алдын ала ақпарат бойынша, қару қаңтар оқиғалары кезінде Жамбыл облысының ПД ұрланған. Қазір олардың аталған оқиғаларға қатыстылығы тексерілуде, дейді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова. 

Тараз қаңтр оқиғасы күдікті ұсталды адам өлтрген

Тақырыпқа жаңалықтар