Тәшиевтың інісі жемқорлық ісі бойынша күдікке ілінді

Қырғызстанның экс- депутаты Шаирбек Тәшиев «Кыргызнефтегаз» ААҚ-дағы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгін, 1 сәуірде ІІМ баспасөз қызметі ақпаратты растады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ-нің тергеу қызметі Қырғыз Республикасы қылмыстық кодексінің 336-бабы («Сыбайлас жемқорлық») бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Шаирбек Тәшиев 13 наурызда ішкі істер министрлігіне жауап алуға шақырылған. Қырғыз басылымдары шенеуніктің 14 наурыз күні қайта босатылғанын жарыса жазды. Сонымен қатар, Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Тәшиевті депутаттық мандатынан айырды. Бұл шешім ОСК отырысында қабылданған. Осылайша оның Жогорку Кенеш депутаты ретіндегі куәлігі жарамсыз деп танылды.

Айта кетейік, Шаирбек Ташиев — Қырғызстан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевтіңінісі. Биылғы жыл Тәшиевтер үшін қиынға соқты. 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті барлық қызметінен босатты. Ол 2021 жылдың қазан айынан бері министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары – ҰҚМК төрағасы қызметін атқарып келген.

қырғыз депутат Тәшиев ұсталды

Тақырыпқа жаңалықтар