Қазақстан жаңалықтары24 шілде 2024, 15:27

Тасымалдаушылар Көлік министрлігінің түзетулеріне наразы

ҚР Көлік министрлігі заң жобасына енгізілген жаңа түзетулер бойынша кеңес өткізді. Әрине, кез келген жаңашылдық барлық тараптарды қанағаттандырмауы мүмкін. Бұл түзетулерге де қарсылық танытып отырғандар аз емес. Жаңашылдықтарға сәйкес, ҚТЖ ұлттық операторы магистральдық теміржол желісіндегі транзиттік тасымалдауда басымдыққа ие болмақ, - деп хабарлайды Arbat.media.

,Алайда қалған жүк тасымалдаушылар «шетке ығыстырылдық» деп байбалам салып отыр- деп жазады Kazinform агенттігі.

Ашық НҚА порталында мұндай басымдықтардың себептері көрсетілген түзету жобасы жарияланды. Құжатқа сәйкес, теміржол желісі инфрақұрылымындағы кептелістің жоғары болуына байланысты жүк тасымалы белгілі бір кезекте жүруі тиіс. Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өзінің модернизациясы мен Қазақстанды индустрияландырудың дамуына ілеспейді. Десе де, ұлттық оператор транзиттік тасымалдау кезінде басымдық алып, жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушылардың өтініштерін үйлестірмек. Ведомство осылайша Қазақстан өзінің геосаяси жағдайы мен мүмкіндіктерін толық пайдалана алады деп есептейді.

Ал салалық бірлестіктер вагондары бос тұрып қалса, қаржылық шығынға бататынын алға тартып отыр.

«Біздің пойыздар ең соңғы болып келеді екен. ҚТЖ кірме жолдарда тасымалдауды үйлестіретін болса, тіиімділік туралы айтудың өзі қиын. Бұл ұсыныстар қалай пайда болды? Түсініксіз жайттар көп», - деді ERG көлік логистикасының бас менеджері Гүлжанат Иминова.

Республикалық тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының (AGMP) өкілдері олардың секторы ҚТЖ-мен қиын қарым-қатынастар салдарынан өндіріс көлемінің төмендеуіне тап болғанын атап өтті.

«Бұл ережелер ҚТЖ кірісі мен транзиттік басымдылық мүддесі үшін дайындалуда. Біз Үкіметтің тау-кен металлургия кешенінің жағдайын жақсартуға ұмтылысын министрлік қолдамайды деп есептейміз», - деді олар.

Қауымдастық Премьер-Министрдің атына хат дайындауға кірісіп кетті.

көлік министрлігі түзетулер Наразылық тасымалдаушылар

Тақырыпқа жаңалықтар