Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге оралды
Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шиеленіс аймағындағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста.
Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды шығару Әзербайжан, Армения және Түрікменстан мемлекеттерінің құрлықтағы шекаралары арқылы да жүзеге асырылып жатыр.
Таяу Шығыс елдеріндегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыс ұстап отыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: