“Tiktok-тағы құмар ойыны": Сұмдық ақпараттар айтылды

Екі ер адам Tiktok-та құмар ойын ұйымдастырған, деп хабарлайды Arbat.Media.

TikTok әлеуметтік желісі арқылы онлайн-құмар ойындарды ұйымдастырған 2 тұрғын сотталды. Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды.

Азаматтар ойынға қатысу үшін ақша қаражатын банктік қосымшалар арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 млн теңгені құрады.

Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.

Құмар ойын Желі әлеуметтік

Тақырыпқа жаңалықтар