Тісін емдеткен 9 жастағы ақтаулық бала жақ сүйегінің бір бөлігінен айырылып қалды
Ақтауда тоғыз жастағы Нұрәділдің отбасы стоматологтарды жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Анасының айтуынша, тіс емінен кейін балада ауыр асқыну пайда болып, төменгі жақ сүйегінің 60-70 пайызы зақымданған.
Бала Астанада екі рет ота жасатып, шамамен 15 грамм зақымданған сүйек тіні алынып тасталған. Қазір ол дұрыс шайнай алмайды, тек ұсақталған тағаммен тамақтанады.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы тексеру нәтижесінде екі стоматологқа сөгіс жарияланғанын мәлімдеді.
Алайда отбасы бұл шешіммен келіспей, полицияға жүгінген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: