Тоқаев бірқатар тұлғаға мемлекеттік стипендия тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ өнері мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлері — Бибігүл Төлегенова мен Олжас Сүлейменовке президенттік стипендия тағайындады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорда ресми мәлімдеді.
«Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілсін. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын» — деп хабарлады Ақорда.
Президенттің арнайы стипендиясы — мәдениет, әдебиет және өнер саласында елге сіңірген еңбегі үшін берілетін жоғары марапаттардың бірі.
Бибігүл Төлегенова — опера әншісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты.
Олжас Сүлейменов — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, халықаралық деңгейде танымал әдебиет майталманы.
Бұл стипендия қос қайраткерге ел алдындағы ерен еңбегі мен шығармашылық мұрасын бағалау ретінде табысталып отыр.
2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілген адамдардың дербес құрамын мына сілтемеден көре аласыздар.