Қазақстан жаңалықтары•9 қыркүйек 2026, 11:15

Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Президент Тәжікстанның егемендік жылдарында мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ әлемдік аренада ұлттық мүддені қорғау мен ілгерілету ісінде зор табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына құт-береке тіледі.

Президент Тәжікстан жеделхат
22 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары
22 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 18:30 • Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар