Тоқаев энергетика министрін қабылдады

Мемлекет басшысы энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Министр Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жағдайы, негізгі жобаларды жүзеге асыру барысы және секторды одан әрі дамыту жоспары жөнінде есеп берді.

Ерлан Ақкенженов мұнай саласында орнықты динамика сақталып тұрғанын айтты.

«Сол арқылы Шымкент мұнай өңдеу зауыты жылына – 6-дан 12 миллион тоннаға, Атырау мұнай өңдеу зауыты – 5,5-тен 6,7 миллион тоннаға және Павлодар мұнай-химия зауыты 5,5-тен 9 миллион тоннаға дейін өндірістік қуатын арттырады», — деді министр.

Тоқаевқа 2029 жылға дейін салынатын жаңа энергетикалық нысандар жайында мәлімет берді.

Тоқаев мемлекет энергетика министр
Кеше, 16:36 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 17:44 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:23 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар