Тоқаев «ЛГБТ насихаттына тыйым салу» туралы Заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз шешімімен Қазақстанда «ЛГБТ-ны насихаттауға» тыйым салды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Енді тыйымды бұзғандар айыппұл төлеп, қамауға алынады. Алғаш рет — 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл салынса, қайталап жасалған жағдайда — 40 АЕК (157 280 теңге) айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылады.

Билік өкілдерінің айтуынша, заң бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте және онлайн платформаларда белгілі бір ақпараттың таралуын шектейді.

Бұдан бөлек, президент бірқатар заңнамалық түзетулерден тұратын пакетке қол қойды. Олар:

"Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заң;

"Қазақстанының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы және заңнаманың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң;

"Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң.

 

 

ЛГБТ Тоқаев Заң шешім

Тақырыпқа жаңалықтар