Тоқаев жаңадан тағайындалған СІМ-ді қабылдады
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрін қабылдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңгерімді сыртқы саясатты одан әрі нығайту, ұлттық мүддемізді халықаралық аренада белсенді ілгерілету, экономикалық дипломатия мен инвестициялық серіктестікті күшейту бағытында нақты тапсырма берді.
Мемлекет басшысы көпжақты форматтағы ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ шетелде Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: