Қазақстан жаңалықтары24 қараша 2023, 16:12

Төрт жасар баланың басы көлік арасына қысылып қалды

Жамбыл облысының Қордай ауданында 4 жасар бүлдiршiн екі көліктің арасына түсіп басын жарақаттады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі ұлын балабақшадан алып қайтып бара жатқан анасы басқа көлікті байқамай қалған дейді.

«Полиция ата-аналардың назарын балалардың жарақаттануы көбiнде ересектердің немқұрайлығынан болатынына аударғысы келедi. Облыста 10 ай ішінде балалардың қатысуымен 284 жол-көлiк оқиғасы тіркелді, онда 23 бала қайтыс болса, 353 бала жарақат алды. Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі — тасымалдау ережесі бұзылған, яғни балаларды ұстап отыратын құрылғысы жоқ автомобильдегi жолаушылар. Жыл басынан бері осындай кемшілікке жол берген 1313 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Жамбыл облысы Қордай Бала Көлік

Тақырыпқа жаңалықтар