Төртем дүниеге келген отбасыға 3 бөлмелі пәтер сыйға берілді
Жетісу облысында төртем дүниеге келген отбасыға өңір әкімдігі үш бөлмелі жаңа пәтердің кілтін табыстады. Сондай-ақ салтанатты шара кезінде облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев әкімдік тарапынан балалардың күтіміне көмектесетін көмекші берілетінін айтқан, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Сарыөзек ауылында отбасына жаңа көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан үш бөлмелі пәтер беріп отырмыз. Пәтерде жайлы тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған. Төрт сәбиді бірдей күтіп-бағу оңай емес. Сондықтан Альмираға балалардың күтіміне көмектесетін арнайы көмекші беріледі. Жалпы, бүлдіршіндердің дені сау болып өсіп, аман-есен жетілуі үшін өз тарапымыздан барлық қажетті көмекті көрсетеміз, – деді ол.
Жетісу облысы Кербұлақ ауданының Талдыбұлақ ауылында тұратын отбасының төртемнен бөлек үш баласы бар.