Трамп бейнеленген мерейтойлық монета шығарылуы мүмкін

АҚШ-тың құрылғанына 250 жыл толуына орай тиісті коллекциялық монетаны шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

NBC News мәліметінше, 24 караттық номиналы көрсетілмеген алтын монетаның дизайнын арнайы комиссия мақұлдап та үлгерген.

Монетаның бір бетінде Ақ үйдегі жұмыс үстелінің жанында тұрған Ақ үй басшысы бейнеленеді. Ірі әріптермен Liberty деген жазу тұрады, сол жағында – 1776, ал оң жағында – 2026 жыл көрсетілмек. Сондай-ақ, In God We Trust деп жазылады. Ал монетаның екінші бетінде АҚШ-тың символына айналған ақбас қыранның суреті тұрады.

трамп монета Мереке Басшы

Тақырыпқа жаңалықтар