Түркістан мен Шымкентте 48 адам рақымшылықпен бостандыққа шықты
Түркістан мен Шымкентте 48 адам рақымшылықпен бостандыққа шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында өңір түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардың ісі қаралып, 48 адам еркіндікке шықты. Тағы 14 адамның жаза мерзімі қысқартылды.
Шымкенттегі №78 мекемеде отырған кәмелетке толмаған балалары бар екі әйел де сот шешімімен босатылды.
ҚАЖ департаменті бұл шараның сотталған азаматтарға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: