Қазақстан жаңалықтары29 қаңтар 2026, 20:33

Түркістан облысында 3 полицей 18 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында үш полиция қызметкері зорлау қылмысын жасады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ішкі істер министрлігі Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы бойынша жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев түсініктеме берді.

«Бұрынғы полиция қызметкерлерінің бұл іске ықтимал қатысы туралы ақпарат толық тексерілуде және сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оған құқықтық баға берілетін болады», — деді ол.

Сонымен қатар, күдікке ілінген қызметкерлер жұмыстан босатылды.

Түркістан облыс Зорлық полицей
Кеше, 13:25 Қазақстан жаңалықтары
7 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары
7 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар