Түркістан облысында ақша бопсалаған блогер ұсталды

Блогер Түркістан облысындағы кафелердің бірінде ақша алып жатқан сәтінде ұсталды. Ол жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ұстау операциясына Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қатысты. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, блогер әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан алдымен 2000 АҚШ долларын алып, кейін тағы 4 миллион теңге талап еткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде блогерді Сайрам ауданы кафелерінің бірінде 6900 АҚШ доллары сомасында ақша алып жатқан сәтінде ұстады.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Шымкент блогер ұсталды Қылмыс
13 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:33 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 11:32 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар