Түркістан облысында тұрғындардың 160 миллион теңгесін алған алаяқ ұсталды
Фото: ШҚО ПД
ŞQO PD
Қазақстан жаңалықтары19 қазан 2024, 9:00

Түркістан облысында тұрғындардың 160 миллион теңгесін алған алаяқ ұсталды

Полиция «Ақшаңды еселеп қайтарып беремін деп, тұрғындарға 160 миллион теңге шығын келтірген алаяқтың ісін сотқа жолдады. «Түркістан облысы Полиция департаментінің «Cyberpol» нысаналы соққы беру тобының қызметкерлері жыл бойы қарқынды жұмыс жүргізіп, профилактиканы күшейтті. Соның нәтижесінде 410 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, 200-ге тарта дерекке түпкілікті шешім қабылданды», - делінген полиция хабарламасында, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның ішінде көпэпизодты қылмыстарға тоқталар болсақ, 25 жастағы Сайрам ауданының тұрғыны 50-ден астам адамды алдап, құрығына түсірген. Жас жігіт жәбірленушілерге несие ресімдетіп, «Ақшаларыңызды көбейтіп қайтарып, несиелеріңізді төлеп береміз» деп алдаған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа өткен. Жалпы келтірілген шығын 160 000 000 теңгеден асады.Ал Шардара ауданында 29 жастағы ер адам 10-ға тарта жәбірленушіге ЭЦП-кілт ашып беремін деген сылтаумен жеке басына қатысты мәліметтерді алып, олардың атынан несие ресімдеген.

14 500 000 теңге шығын келтірген іс сотқа жолданды.Сондай-ақ «Cyberpol» қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде жәбірленушілердің 21 000 0О0 теңге қаражаты алаяқтардың есепшотына өтіп кетпей, дер кезінде бұғатталып үлгерген.

Тәртіп сақшылары облыс көлемінде халыққа қызмет көрсету орталығы, базар, ойын-сауық орталықтары мен басқа да адамдар көп шоғырланатын орындарда «Интернет-алаяқтықтан сақ бол!» тақырыбында ауқымды профилактикалық іс-шаралар атқарылды.

Арнайы әзірленген 20 000 жаднама таратылып, 6 000 жабыстырмалы ақпараттар ілінді.

Полиция бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған алаяқтық қылмысына тосқауыл қою мақсатындағы шаралар үздіксіз жүргізілетінін жеткізді.

Түркістан облысы алаяқ халық 160 миллион теңге160 миллион теңге

Тақырыпқа жаңалықтар