Түркістан облысында жаңа әкімдік ғимараты қирап жатыр
Сайрам ауданы, Жібек Жолы ауылында былтыр маусым айында салынған әкімдік ғимараты қазір апаттық жағдайда тұр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп туындағандықтан, олар әзірге ғимараттың қабырғалары бүтін бөліктеріне көшірілген.
«Әрине, қорқынышты. Күзетші өзі түнде бәрі сықырлап, шытынап тұратынын айтады. Соңғы аптада шөгу күшейді, жарықтар үлкейді. Мен маман емеспін, бірақ іргетас дұрыс құйылмаған сияқты», - деді Жібек Жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары Талғат Қамбарбеков.
Жобаның құны 193 миллион теңге болған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: