Түркістан облысында жарылыстан зардап шеккен науқастың жағдайы ауыр
Түркістан облысының Кентау қаласында қоғамдық тамақтану орнында болған жарылыстан жараланған үш адам Шымкентке жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ал ауыр хәлде түскен 20 жастағы жігіт әлі де Кентаудың орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Еске салайық, оқиға 1 қаңтарға қараған түні бес қабатты үйдің астындағы дәмханада болған. Газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан. Салдарынан сол жерде жұмыс істеген 18 жастағы бойжеткен қаза тапты, тағы төрт адам жарақат алған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: