Түркістанда 12 жастағы қыздың атынан әлеуметтік эксперимент жүргізілді
Түркістанда «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері 12 жастағы қыздың атынан әлеуметтік желіде аккаунт ашып, балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне қатысты эксперимент жүргізді,деп хабарлайды Arbat.Media.
Белсенділердің мәліметінше, аккаунтқа «Түркістан» деген лақап атпен отырған ер адам хабарласқан. Біраз уақыттан кейін олардың әңгімесі жыныстық сипатқа ауысып, ер адам қызбен жеке кездесуге ұсыныс жасаған.
Белсенділер ер адам белгіленген кездесуге келген кезде оны анықтаған. Олар әңгіме скриншоттары мен өзге де материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырған.
Қазір аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: