Түркістанда 3 млрд теңге бюджет ақшасын жымқырған 27 адам сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, 2016–2021 жылдары «КТ Яссы Несие» ЖШС басшылығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ірі қара мал сатып алуға арналған агробизнесті қолдау бағдарламасы аясында бөлінген қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырғанын анықтады,деп хабарлайды Arbat.Media. 

Несие алу мақсатында жалған тұлғалардың атына жалған шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер тіркелген. Өтінімдерге қолдан жасалған бизнес-жоспарлар, құқық белгілейтін құжаттар және іс жүзінде жоқ кепіл мүлкі қоса ұсынылған.

Тергеу барысында 33 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі анықталды. 24 жалған несие рәсімделіп, кепіл ретінде іс жүзінде жоқ 54 нысан ұсынылған.

Сот шешімімен мемлекет кірісіне 19 тұрғын үй, 10 жер учаскесі, 2 пәтер, 4 коммерциялық үй-жай және 4 автокөлік тәркіленді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 27 мүшесіне 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Агробизнес қаражат кәсіпкер бизнес
Кеше, 11:36 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:35 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 12:15 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар