Түркістанда ақша бопсалаған тәртіп сақшысына қатысты сот үкімі шықты
Түркістанда аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны үшін 200 мың теңге бопсалады деп айыпталған тәртіп сақшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға бұдан төрт ай бұрын болған. Күдікті құрықтау кезінде қашып кетпек болған полицей бастапқыда жемқорлық бабы бойынша айыпталған еді. Алайда кейін іс «алаяқтық» бабына қайта сараланып, жаза едәуір жеңілдетілді.
Мемлекеттік айыптаушы соттан 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Дегенмен сот 38 жастағы айыпталушыға 1 930 000 теңге көлемінде айыппұл салумен шектелді.
Айта кетейік, ол бұған дейін барлық шені мен атағынан айырылған. Сот шешіміне сәйкес, параның 20 еселенген мөлшеріндегі айыппұлды төлегеннен кейін ол сот залынан бостандыққа шықты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: