Түркістанда өткен көкпар ойынынан соң шыққан жанжал ауыр қылмыспен аяқталды
Түркістанда өткен көкпар ойынынан соң шыққан жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға барысында 20 жастағы жігітті бір топ адам жабылып ұрып-соққан.
Stan.kz хабарлауынша, жәбірленуші — Акбаржан Әбдімажитов. Куәгерлердің айтуынша, ол ес-түссіз жатқан сәтінде де соққыға жығылып, басына секірген. Кейін оны көлікке тиеп, өлімші күйде елсіз жерге тастап кеткен.
Ауыр жарақат алған жас жігіт шамамен бір апта жансақтау бөлімінде жатып, жуырда ғана жалпы палатаға ауыстырылған. Дәрігерлер оның жағдайы әлі де ауыр екенін, есін толық жимағанын айтады.
Ал Түркістан облысының полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты екі адам күдікке ілініп, уақытша қамауға алынғанын хабарлады. Кейіннен олардың үйқамаққа жіберілгені де расталды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: