Түркістандық түлек әлемнің 80-нен астам университетінен шақырту алды
Түркістан облысында мектеп бітірген оқушы әлемнің 80-нен астам университетінен шақырту алды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы мектеп түлегі Нұрәлі Медина Бектұрсынқызы АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарынан 80-нен астам ұсыныс алды.
Халықаралық университеттер талапкердің академиялық жетістіктерін, көшбасшылық қабілеті мен қоғамдық белсенділігін жоғары бағалап, оқу және гранттық мүмкіндіктер ұсынған.
Ол ұсынылған мүмкіндіктердің ішінен Оңтүстік Кореядағы Inha University университетін таңдауға ниетті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: