Тұрсынбек Қабатовтың қызы әкесі туралы айтты
Әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айым әкесі туралы ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол TikTok-та әкесімен бірге түскен суретін жариялап, шағын жазба қалдырды.
"Қандай болса да, әкемді қатты жақсы көремін. Бәрі қателеседі. Ол - өте керемет әке, әрқашан қолдау көрсетеді. Сені жақсы көремін, әкешім. Сенің жақсылықтарыңды ешқашан ұмытпаймын", – деп жазды Айым.
Сондай-ақ, ол көпшілікті әкесі туралы әңгіме қылуды тоқтатуды сұрады.
"Менің әкем туралы жаман айтуды және түрлі видео жасауды доғарыңыздар. Бұл өмірде ешкім мінсіз емес", – деді ол.
Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдір Мұқанова 2003 жылы шаңырақ көтерген. Ерлі-зайыптының бес баласы бар: үш қыз және екі ұл.
Еске салайық, Тұрсынбек Қабатовтың отбасы Мөлдір Мұқанованың сұхбатынан кейін жұрт назарында ілікті. Сұхбат барысында ол некедегі қиындықтар мен ажырасуы туралы айтып берді. Сұхбат жарияланған соң әлеуметтік желілерде қызу талқы басталып, жұрттың пікірі екіге бөлінді: бір бөлігі Мөлдірді қолдаса, енді біреулер Тұрсынбекті тым қатты сынамауға шақырды.