Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға дейін төмендетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұған мамырдағы инфляцияның жылдық көрсеткішінің 10,4%-ға дейін төмендеуі себеп болған.
Биыл инфляция 9-11%-ға дейін төмендеп, бір таңбалы деңгейге түседі деген үміт бар. Орта мерзімді перспективада инфляцияның мақсатты көрсеткіш 5%-ға дейін тұрақталатыны күтіледі.
"Биыл экономикалық өсім де жаман болмайды. 4,5-5,5%-ға жетуі мүмкін. Бұған мұнай бағасының жоғары болуы ($90/баррель), сондай-ақ ішкі экономикалық белсенділіктің өсуі ықпал етуі тиіс", - дейді Тимур Сүлейменов.
Бас банкир мөлшерлеменің төмендеуі экономика үшін несие алу құнын азайтып, бизнесті қаржыландыруға жол ашады деп отыр. Ал шілдедегі келесі отырыста мөлшерлемеге қатысты жаңа шешім қабылданады.