Ұлттық банк елімізде қолдан ең көп жасалатын купюраны атады

2026 жылдың алғашқы алты айында айналымнан жалпы сомасы 259 мың 400 теңге болатын 57 жалған ақша белгісі анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ұлттық Банктің мәліметінше, оның 49-ы банкнота, 8-і монета. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 68,4 пайызға төмен. Өткен жылы алғашқы 6 айда 96 жалған ақша белгісі тіркелген. Қолдан жасалған ақшалардың ішінде ең көбі – 2 мың теңгелік банкноталар.

Мамандар биыл осындай 22 жалған купюраны анықтаған. Бұл барлық анықталған жалған ақша белгілерінің 38,6 пайызын құрайды. Сондай-ақ алаяқтар 10 мың теңгелік банкноталарды да қолдан жасаған. Мұндай 16 жағдай тіркелді. Ал 5 мың теңгелік банкноталардың 11 жалған нұсқасы анықталған. Қалған 14 пайызы монеталарға тиесілі.

Ұлттық банк, банкнота Кюпура Ақша
Кеше, 11:36 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:35 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 12:15 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар