Ұлттық банк олимпиадашыларға арнап монета шығарды
Ұлттық банк «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Номиналы мың теңгелік монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы - proof, , таралымы - 2000 дана.
Еске салайық, Қысқы Олимпиада 6 ақпанда басталады. Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Қазақстан атына 36 спортшы қатысады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: