Ұлттық банк жаңа монеталарды айналымға шығарады
Ұлттық банк жаңа монеталарды айналымға шығарады, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Қазақстанның жануарлар әлемі» сериясымен бес түрдегі биколорлы монета айналымға шығарылады. Жинақта Қазақстан фаунасында сирек кездесетін аң-құстар бейнеленген: AQBÓKEN (Ақбөкен), ARQAR (Арқар), BARYS (Барыс), DÝADAQ (Дуадақ) және SUŃQAR (Сұңқар). Барлық монета елдің табиғи байлығын айшықтайтын бірыңғай стильде орындалған.
Монеталар нибрасс/нейзильбер қоспасынан соғылған. Номиналы — 100 теңгелік, әр түрінен — 3 миллион дана.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: